Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?
Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?
8 жыл бұрын 3119 stan.kz

Естеріңізде болса, осыдан екі бұрын Қытай билігінің өздерінің ұлттық валютасын құнсыздандырғаны туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Қытай билігі мұндай қадамға не үшін барды? Қытай елі елден капиталдың алып кетуін осылайша шектемек.

Бір тәулік ішінде ҚХР-ның ұлттық валютасының құны бір долларға шаққанда 7 юань болды. Соңғы екі ай ішінде юань ең төмен көрсеткіште осылай құнсызданды. Ал, Қытайдан соңғы жыл ішінде 725 млрд доллар әкетілген. Қазақстандық экономистер юаньнің құнсыздануы еліміздің экономикасына қалай әсер ететінін болжады.

«Юаньнің құнсыздануы Қазақстанда айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Қазір теңгеге рубль мен мұнай бағасы әсер етіп тұр. Өйткені, Қазақстандағы маңызды тауар бұл – мұнай. Ал, импорттаушы ел – Ресей. Қытай импорты да біз үшін маңызды, алайда ол Ресеймен салыстырғанда еш әсер етпейді», – дейді ҚР тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының экономикалық зерттеу бөлімінің сарапшысы Айдос Тайбекұлы.

1 пікір
  • Қытайда капиталдың шетке ағылмауы үшін мұндай шара өз нәтижесін береді, себебі, қытай билігі валюталық саясатта қатаң бақылау орнатқан ел. Ал бізде мұндай шара өз жемісін бере қоюы екіталай.
    8 жыл бұрын
Мұрағат