|
Ұлттық банктің алтын қоры жыл басынан бері 12,7 пайызға артты
|
2016 жылдың қыркүйек айының соңындағы алдын ала жасалған мәлімет бойынша Ұлттық банктің алтын қоры 2,3 пайызға артып, 31,4 млрд долларды құрады. Жалпы, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 12,7 пайызға артып, 3,5 млрд доллар болды, деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев базалық ставка туралы шешімді жариялау барысында.
Сонымен қатар, ол Ұлттық қордың валюталық активтері қыркүйек айында 0,7 пайызға төмендеп, 64,4 млрд долларды құрады (жыл басынан бері 0,9 млрд долларға немесе 1,4 пайызға артқан). Еліміздің халықаралық резерві жалпы алғанда 95,8 млрд долларды құрап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...