Тұмауды емдеуге мемлекет қанша қаражат жұмсайды?
Тұмауды емдеуге мемлекет қанша қаражат жұмсайды?
8 жыл бұрын 3354

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды, - деп хабарлады "Tengrinews.kz" ақпарат көзі.

"Тұмауға шалдығудың экономикалық тұрғыдан шығыны көп. Тұмаудың стационарлық жағдайдағы еміне мемлекет 80 мың теңге жұмсайды. Амбулатор жағдайында емделуге 20 мыңдай жұмсайды. Ақылы екпе жасау пунктерінде "Гриппол +" дәрісінің құны 2 мың 400 теңге. Қазақстанға "Инфлювак" жеткізілді, оның құны 3,5 мың теңгеден төрт мыңға дейін барады", - дейді Қазақстанның бас дәрігері.

Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, Қазақстанда 3 қазанда тұмауға қарсы жалпылай егу басталған.. 

"Біздің міндет: тұмауға шалдығудың ауыр күйлері мен өлімге әкелу жағдайларына жол бермеу. Өткір респираторлы жұқпалы аурулар тобының 300-ден астам штаммы бар", - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, қауіп тобына жататын өкпенің созылмалы ауруы, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммун жетіспеушілігі бар, әлсіреген және жиі ауыратын балалар, медецина қызметкерлері мен жүкті әйелдер тегін екпе жасата алады. 

Ақылы түрде жеке медециналық кабинеттерде салдыруға болады. Екпенің құны өндірушіге байланысты 2,5 мыңнан төрт мыңға дейін барады екен.

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда тұмауға қарсы екпеге миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. 1,3 миллион адам оны тегін алады. 

Тұмау мен Өткір респираторлы жұқпалы аурулардың өршуі қаңтардың соңы мен ақпанның басына келеді. Жандарбек Бекшин бұл кезеңде бетперде тағып жүруді және адамдар көптеп жиналатын орындарда жиі болмау керектігін, сонымен бірге халықтық емді де естен шығармау керектігін еске салды. 

"Ол табиғи фитоциндер - сарымсақ, пияз. Сонымен бірге, дәрумендер қабылдау керек: жеміс, көкөніс, лимон, грейпфруттер, анар, итмұрын қайнатпасы және С дәруменіне бай ашытылған орамжапырақ. Мұның бәрі ауруға жол бермейді", - деп түсіндірді Қазақстанның  бас санитарлық дәрігері.

0 пікір
Мұрағат