|
Цифрлы теңгеге не сатып алуға болады?
|
Қазақстан республикасының ұлттық банкі цифрлы теңгенің қолданылу аясын кеңейту жоспарын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еліміздің бас қаржы мекемесі түсіндіргендей, цифрлы валютаны тек несие мен демеуқаржы бойынша іске қосылатын жобаларда ғана емес, сонымен қатар, жаңа бағыттарда – соның ішінде белгілі бір санаттағы тауарларды және автокөлік сатып алуда пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Қарастырылған тетіктердің бірі – қаражат көлік құралын қайта тіркеуден (яғни, сатып алған адамның атына тіркеу процедурасы орындалғаннан) өткеннен кейін автокөлікті сатушыға цифрлы валюта түрінде түседі. Қазіргі уақытта цифрлы теңгенің нақты қай салалар мен тауар түрлерінде қолданылатыны жөніндегі мәселе пысықталып жатыр.