Тергеу қызметкерлері арандатушылық әрекеттері үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Тергеу қызметкерлері арандатушылық әрекеттері үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
4 жыл бұрын 2822

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» бабы енгізіледі.

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі. Ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz ақпарат көзі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың ОКҚ алаңында өткен брифингтегі сөзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

«Жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері қылмыстық арандатуға жатады» - деді Олжас Бектенов.

Мұндай заңсыз әрекетке тағайындалатын жазаның ең төменгі шегіне сәйкес, сотталушы 7 жыл бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеле отырып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

 Ал ең қатал жазаға іліккен лауазымды тұлға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шектеліп, 12 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат