Теңгедегі сукук: Ислам қаржы институты ұлттық валютадағы бағалы қағаздарды айналымға шығарады
Теңгедегі сукук: Ислам қаржы институты ұлттық валютадағы бағалы қағаздарды айналымға шығарады
2 жыл бұрын 1191 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жекеменшік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының мәліметінше, Қазақстан аймақтағы ислам банкингінің орталығына айналып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Жекеменшік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD) теңгемен бес жылдық сукук шығаруды көздеп отыр. Мұндағы мақсат Қазақстандағы ICD операциялық активтерін кеңейтуге саяды. Қаржы институты түскен қаражатты елдегі жергілікті несиелендіру операцияларын қаржыландыруға жұмсайды. Аталмыш жоба қаржы институты жүзеге асыратын теңгедегі алғашқы сукукты шығаруға негізделген. Барлық төлемдер, соның ішінде есеп айырысу, купон және негізгі қарыз теңгемен жүргізіледі. Әлеуетті эмиссия амортизацияланған сукук болады, ол шығарылған күннен бастап 12 айдың аяғынан бастап, содан кейін жарты жылда бір рет тең негізде қаржы активтерінің ақша ағынына сәйкес келеді.

«Соңғы жылдары Қазақстан өзін Орта Азиядағы исламдық қаржыландыру орталығы ретінде көрсете отырып, исламдық банкинг пен қаржыландыру тетіктерін енгізу бойынша құқықтық және реттеуші қадамдар жасады», - делінген ICD хабарламасында.

«Сукук шығару ICD үшін ұйымның мүше елдердегі жеке секторды дамытуға бейілділігін көрсететін маңызды қадам. ICD болашақта басқа мүше елдердегі басқа валюталармен ұлттық валюталық эмиссияларды шығаруға тырысады», - деп уәде берді ұйым.

Сукук – облигациялардың исламдық баламасы деп аталатын, шариғат талаптары басшылыққа алынатын елдерде кең таралған қаржылық құжат. Сукук қаржыландырылатын іс-шараның пайдасынан кепілдендірілмеген кірісті қамтамасыз етеді.

Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD) - Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобына кіретін көпжақты ұйым. ICD экономикалық дамуды қолдайды және шариғат талаптарына сай қаржылық құралдар мен инвестицияларды ұсыну арқылы мүше мемлекеттердегі жеке сектордың дамуына ықпал етеді. ICD мүшелері – 57 мемлекет, ең ірі акционер – Сауд Арабиясы

0 пікір
Мұрағат