Технология: Елімізде кір жұқтырмайтын мата жасалды
Технология: Елімізде кір жұқтырмайтын мата жасалды
10 жыл бұрын 3553

Алматы қаласындағы технологиялық университеттің мамандары кір жуытпайтын мата жасап шығарды. Бұл мата арнайы кәсіп иелерінің, әскери қызметкерлерінің киімдерін тігуде пайдаланылатын болады. Мұндай матадан тігіліген киім ауа өткізгенімен су өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Аталмыш жоба авторы Әйгерім Баданованың сөзіне қарағанда матаны полимерлеу оны тез тозудан сақтайды. Бұл технологияны тек тоқыма өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар, химиялық жолмен тазалауда да қолдануға болады. Айта кетейік, кір жуытпайтын мата микробқа қарсы мата жасалған зертханада жасалды. Аталмыш жоғарғы оқу орнының студенттері суға еритін полимер, бензол қышқылы және күмістің нанобөлшегі негізінде қосымша зат жасап шығарды. Ол өз кезегінде матаға залалсыздандыру қасиетін дарытады. Оның үстіне, мұндай мата термикалық өңдеуге төзімді келеді, оны жууға да болады. Бұл мата залалсыздандыруда қажет ететін медицина қызметкерлерінің киімінде пайдалануылуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат