Тәуелсіздік жылдары елімізде қанша мың шақырым жаңа теміржол салынған?
Тәуелсіздік жылдары елімізде қанша мың шақырым жаңа теміржол салынған?
8 жыл бұрын 2983 inform.kz

Аймақтар арасындағы ішкі коммуникацияны қамтамасыз ету үшін және Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында тәуелсіздік жылдары елімізде жалпы ұзақтығы 2,5 мың шақырым болатын жаңа темір жол желілері салынған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айталық:

- Ақсу-Дегелең (187 км) - 1998-2001 жж. (Павлодар облысы);

- Хромтау-Алтынсарин (403 км) - 2002-2004 жж. (Ақтөбе, Қостанай облыстары);

- Шар-Өскемен (151 км) - 2005-2008 жж. (Шығыс Қазақстан облысы);

- Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара (146 км) - 2009-2012 жж. (Маңғыстау облысы);

- Жетіген-Қорғас (293 км) - 2009 - 2012 жж. (Алматы облысы);

-  Жезқазған-Бейнеу (1036 км) - 2012 - 2015 жж. (Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары);

- Арқалык-Шұбаркөл (214 км) - 2012 -2015 жж. (Қарағанды, Қостанай облыстары);

- Боржақты - Ерсай (14 км) 2014 - 2016 жж. (Маңғыстау облысы).

Осы орайда айта кету керек, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы және Жамбыл облыстарында Шу - Алматы (110,7 км) учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаның құрылысы 2017 жылы аяқталатын болады. 

0 пікір
Мұрағат