Татарстан президенті еліміздегі алғашқы автокөлік доңғалағын шығару шарасына қатысты
Татарстан президенті еліміздегі алғашқы автокөлік доңғалағын шығару шарасына қатысты
2 жыл бұрын 1127 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Татарстан президенті Рүстем Минниханов Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр. Қарағанды ​​облысының Саран қаласында Қазақстанда KamaTyresKz компаниясының алғашқы автокөлік доңғалағын шығарудың салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрметті мейман Қазақстанның жетістіктеріне тілектес екенін білдіре келе еліміз Татарстанның сенімді серіктесі екенін алға тартты. Осы орайда Қазақстан автокөлік доңғалақтарын шетелден, соның ішінде Татарстаннан импорттап келгенін айта кету керек. KamaTyresKz – Қазақстандағы ең алғашқы автокөлік доңғалақтарын шығаратын зауыт. Кәсіпорын құрылысы 2021 жылдың сәуір айында басталған, оның жобалық қуатына 2024 жылы ие болмақ. Бірлескен жобаның екінші кезеңінде резеңке бұйымдарын өндіруді бастау, ал үшінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникаларына арналған дөңгелектер өндірісін дамыту жоспарлануда. Өндірістік циклге әлемдік жетекші өндірушілердің 126 негізгі технологиялық және 528 қосалқы жабдықтары тартылады. Аталмыш жобаға 171 млрд теңге инвестиция құйылған. Зауыттың қуаттылығы 3 миллион жеңіл автокөлік пен диаметрі 15-тен 22 дюймге дейінгі 500 000 жүк көлігі доңғалағын құрайды. Зауыт 1,1 мыңнан астам білікті жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, ілеспе өндірістерді оқшаулауды арттырады, Қазақстан мен Татарстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Өнімдер Қазақстандағы көлік құрастыруға жіберіледі, сонымен қатар, экспортталады.

0 пікір
Мұрағат