Тараздық оқушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды
Тараздық оқушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды
3 ай бұрын 965 Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

KAZINFORM – Былтырғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырып, таныстырды. Қанат 18 жаста. Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Болашақта IT инженері болуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Студент грант қаражаттына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасаған. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған», - делінген хабарламада. 

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Автордың айтуынша, оның өнертабысы қазақстандық нарықтағы ең тиімдісі.

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылуда.

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Волонтерлік саласын қолдау мақсатында қосымша «Волонтерлік» бағыты қарастырылған.

Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.

0 пікір
Мұрағат