ТАБЫСЫН ЖАСЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
ТАБЫСЫН ЖАСЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
2 жыл бұрын 849 24.kz

Қазір елде жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі өтіп жатыр. 1 млн 700 мыңға жуық адам декларация тапсыру қажет. Бүгінге дейін 65 пайызы табысын көрсеткен. Бұл жайында Хабар 24 ақпарат көзі хабарлады. Қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квази-мемлекеттік сектор қызметкерлері, жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша есеп беріп жатыр.

Декларациялау 2021 жылы енгізілді. Азаматтар жылдық табысын, барлық кірістерін ашық көрсетуге міндетті. Келер жылы жеке кәсіпкерлер 2025 жылы өзге санаттағы азаматтар, декларация тапсыратын болады.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары: - Егер азамат қандай да бір себептермен декларация тапсыру барысында бір мүлкін көрсетуді ұмытып кетсе, ол үш жыл ішінде аталған декларацияға қосымша декларация тапсыра алады. Бұл салық кодексінде көрсетілген. Егер азамат қандай да бір себептермен декларацияны тапсырмаса, бірінші рет заң бұзушылыққа орын берген жағдайда ескерту жасалады. Одан кейін қайталаса онда 15 АЕК айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат