Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
6 жыл бұрын 2076

ҚР Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Бейбіт Атамқұлов келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz 

26 желтоқсанда, мемлекет басшының жарлығымен Қайрат Әбдірахманов басқа қызметке ауысуына байланысты, Сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен босатылды. Ведомство басшылығына Бейбіт Атамқұлв келді.

«Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлын ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі қызметінен босатылып, ҚР сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалсын», – делінеді елбасының жарлығында.

Бейбіт Бәкірұлы 2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы,  Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып қызмет етті.

2012 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыз айынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. Ал ОҚО-ны 2015 жылғы 8 тамыздан бастап басқарды.

Ал 2016 жылдың қазан айында Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің басшылығына тағайындалған еді.

0 пікір
Мұрағат