Суицидке бейім азаматтар әскерден босатылды
Суицидке бейім азаматтар әскерден босатылды
4 ай бұрын 567 aikyn.kz Ақтілек Алмасұлы

Биылғы әскерге шақыру науқанында Қазақстанда 470 шақырылушыда суицидке бейімділік анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әскерге шақырылушылардың психологиялық ауытқуларын анықтауға Үкімет тапсырмасымен әскери психологтер әзірлеген Psy-risk әдістемесі көмектесті. Аталған азаматтардың бір бөлігі әскерден босатылып, енді бір бөлігі қосымша тексеруге жіберілді.

“Жаңа жүйе – көпсатылы психодиагностика механизмі. Ол бастапқы скринингтен, тереңдетілген психологиялық тексеруден және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптамадан тұрады. Басты мақсат – психоэмоционалдық тұрақтылығы жеткіліксіз азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақырмау”, – делінген хабарламада.

Әдістеме кезең-кезеңімен барлық өңірлерде енгізіледі.

“Біз тек психологиялық тұрғыда тұрақсыздарды анықтаумен шектелмейміз. Мақсат – болашақ әскери бөлімдердің ұжымдарын ықтимал қауіп-қатерден қорғау. Бұл – денсаулық, өмір және бөлімдердегі моральдық ахуал мәселесі”, – деді Қорғаныс министрлігінің психологиялық және әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы, подполковник Арман Қалышев.

Aikyn.kz

0 пікір
Мұрағат