Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созайық!
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созайық!
8 жыл бұрын 7064

"Алладан шын қорқатындар (тақуалар) –

кеңшілікте де, таршылықта да садақа береді".

(Әли Имран сүресі, 134 аят)

 

         Құрметті, Islam.kz порталының оқырмандары!  

Биылғы көктем Қазақстан жұртшылығын ерекше әбігерге салып тұр. Еліміздің Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола секілді облыстарында тасқын болып, көптеген тұрғын үй су астында қалды. Бір-ақ күнде үйсіз, күйсіз қалған халық әбден әбігерге түсті. Қайғысыз, қамсыз жүрген жұртшылықтың әп сәтте тұратын баспанасы, киім-кешегі, дүние-мүлкінен айырылуы қай-қайсымыздың басымызға түссе де оңай болмасы анық. Сондықтан, айналасынан жәутеңдеп жақсылық күтіп, үміт артып отырған ағайынға көмек қолын созу – біздің мұсылмандық парызымыз.

Бәріміз де Алланың алдындағы дәрежеміздің жоғары болуын, ақыретте жақсылыққа кенелуді қалаймыз. Ендеше Құранда айтылған жақсылардың қатарынан болатындар – осындай сын сағатта өзі мұқтаж бола тұра, өзгеге қол ұшын беретіндер емес пе?!

Пайғамбарымыз (с.а.у.) да: «Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім мұсылманды осы дүниедегі қайғы-мұңнан арылтса, Алла Тағала оны о дүниедегі қайғы-мұңнан арылтады» (Сахих Мүслім), – дейді. Ал тағы бір хадисінде: «Көршісі аш жатқанын біле тұрып, өзі тоқ жатқан мұсылман толық мүмин емес»  (әл-Хаким, әл-Мустәдрак. Шуъабуль Иман), – деп қолындағы барын көршісімен бөлісуге бұйырады. Ендеше, тілсіз жаудың кесірінен барынан айырылып, панасыз қалған мұсылман бауырларымыздың бар екенін біле тұра ұйқымыз қалай тыныш болмақ?!

Әдетте, көптеген адамдар қолындағы 500-1000 теңгесін садақа етейін десе ұялып, оны азсынып жатады. Немесе «Менің 1000 теңге салғанымнан не өзгерер дейсің?» деп салғырттық танытатындар да кездеседі. Көбірек беруге мүмкіндігінің жоқтығын айтады. Алайда, Алла алдындағы садақа аз-көппен өлшенбейді ғой. Құрандағы «Аллаға жететіні олардың шалған құрбандарының еті де, қаны да емес, сендердің тақуалықтарың" (Хаж сүресі, 37 аят) – деген аят осыған дәлел. Әрі «көп түкірсе – көл» боларын, тиыннан теңге құраларын ұмытпай, қолымыздағы барды бөлісіп, өзімізді де құтқаруға тырысайық!

 

ҚАРЖЫ АУДАРУ ҮШІН:

"Kaspi" банк есепшоты: 5169 4902 6699 0083

ИИН: 9507 2240 0554

*Кез келген "Kaspi" банк терминалы арқылы жіберуге болады.  

 

1 пікір
Мұрағат