Статистика: Еліміздің қай өңірінде қалыңдық пен бойдақтар көп?
Статистика: Еліміздің қай өңірінде қалыңдық пен бойдақтар көп?
5 жыл бұрын 2809

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 20-30 жас аралығындағы жігіттердің саны қыздарға қарағанда басымырақ. Сол себепті, "ұлдарға қарағанда қыздар көп" деген сөз тіркесі маңызын жойған. Енді қай өңірде бойдақтар, қай өңірде сұлуларымыз көп тұратынын көрейік. 

Қазақстанда 18 489 704 адам тұрады. Алматы облысы халық саны бойынша көш бастап тұр. Онда - 2 047 067 адам. Ал, солтүстік қазақстан облысында - 552 271 адам тұрады.

Елімізде ер адамға қарағанда әйелдер 3%-ға басым. Әйелдердің орта жасы - 34,4, ерлердің орта жасы - 30,2. Қазақстандықтың орта жасы – 31,8. Мысалы үшін Жапонияда халықтың орта жасы – 46,1, Италияда – 44,5, Египетте – 25,3. 

Елімізде әйелдер ерлерге қарағанда 567 мыңға артық. Сәйкесінше, әйелдер саны – 9 528 363, ал ер адамдар - 8 961 341.

Қазақстанда 20-30 жас аралығындағы ер адамдар басым. Яғни, ер адамдар саны – 1 553 756, қыздар саны – 1 537 196. Сәйкесінше, қыздарға қарағанда олар 16 560-қа артық. 

Жастардың көбі Алматы облысында тұрады. Олардың саны – 3 090 952 адам. Дәлірек айтқанда, 161 767 жігіт, 147 048 қыз. Жастар саны аз аймақ СҚО, онда жігіттер саны – 41 489, қыздар – 36 770. 

Ал, қай өңірде ерте шаңырақ құратын сауалға келсек, бұл ретте солтүстік өңірдің тұрғындары отбасылы болуға асықпайды екен. Оның ішінде, Павлодар, Қостанай және солтүстік қазақстан облысында. Соңғы екі облыстың қыздары да ақ көйлек киюге асықпайтын болып шықты. Күйеуге шығуға Алматы қаласының бикештері асығатын емес. 

Шаңырақ құру жасына келетін болсақ. Еліміз бойынша отбасын құрудың орташа жасы ерлерде - 27,6, қыздарда - 25 жас.

Кеш үйленетін аймаққа келер болсақ. Солтүстік қазақстан өңірі 28,6 жас, Қостанай 28,3, Павлодар облысы 28,2 жас. Ал, қыздары тұрмысқа кеш шығатын өңірлер: Алматы, солтүстік қазақстан және Қостанай облысы. Олардың жас мөлшері - 26 жасты құрады.

Комитеттің мәліметінше, 2019 жылы шаңырақ құрған екі отбасының, біреуі ажырасады екен. Салыстырып көрейік, 2018 жылы 137 797 отбасы тіркелсе, оның – 57 797 жұбы ажырасып кеткен. Биыл қаңтар-мамыр аралығы бойынша елімізде 48 189 жұп тіркеліп, оның 24 003 жұбы ажырасып кеткен.

Ал, бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 21 876 бала дүниеге келген. Алғашқы үштікте Алматы облысы – 20 318, Алматы – 13 800 бала дүниеге келген. Статистика келтірген мәлімет бойынша, қаңтар-мамыр ай аралығында 161 33 бала дүниеге келсе, оның 77 733 қыз, 83 600 ұл.

20-30 жас аралығындағы қыз-жігіттер бойынша алатын болсақ, Түркістан облысында 24 677 бойдақ бар. Қалыңдық іздесеңіз Алматыға барыңыз, дереккөзге сүйенсек олардың саны – 42 990.

P.S. Италияда бір бойжеткенге бес жігіттен келеді екен. Ашық дереккөздердің мәліметі бойынша, Латвияда әйел адамдардың саны басым болғандықтан, олар көрші елдерге көшіп кетеді екен. Ал, Қазақстанда көптеген ТМД еліндегідей ұзақ уақыт әйелдер саны ер адамдарға қарағанда басым болды. Мысалы үшін, Совет кезінде Қостанай «қалыңдықтар қаласы» болып есептелген. Ол кезде еліміз бойынша ең үлкен тігін фабрикасы сол қалада болған. Тіпті, әйелдер басшылыққа «қалада зауыт салып, ер адамдарға жұмыс беру керек» деген ұсыныспен де шыққан көрінеді. Кейін зауытты салған.

Мүмкін Түркістан облысында қыздардың санын арттыру үшін жеңіл өнеркесіпті дамытып, Алматыда ер азаматтардың санын арттыру үшін де сондай қадамға бару керек сыңайлы. 

0 пікір
Мұрағат