Созақтық жастар ауыл имамына жаңа көлік сыйлады және умра қажылығына жолдама берді. Бұл туралы kaz.inform.kz ақпарат көзі хабарлады.
Игі іске ауыл жастары ұйытқы болды. Ортадан ақша жинап, Созақ ауылдық мешітінің имамы Рүстемов Сұлтанхан Әділханұлына жаңа көлік пен кіші қажылыққа жолдама алып берді.
Жиында ауыл әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.
Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында жұмыс істеп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал, өткен жылы жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып тағайындалды.
Айта кетейік, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап ауыл көшелеріне жарықтандыру бағаналарын орнатқан болатын. Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.