Сим карта жеке бас куәлігін көрсеткендерге ғана сатылады
Сим карта жеке бас куәлігін көрсеткендерге ғана сатылады
8 жыл бұрын 2949 khabar.kz slavyanoserbsk.com

Германияда сим карта сатып алу үшін азаматтар енді мекен жайы мен жеке бас куәлігін көрсетуге міндетті. Ел билігі тиісті Заң қабылдады. Айтуларынша, бұл – лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін қажет амал. Әсіресе, жергілікті операторларға тегін қосыла алатын шетелдік сим карталар қондырылған телефондарға бақылау күшейтілмек.  Ішкі істер министрі Томас де Мезьердің айтуынша, бұл жат пиғылдылардың өзара байланысын шектеуге мүмкіндік береді. Томас де Мезьер, ГФР ішкі істер министрі: - Біз қауіпсіздік жүйесіндегі кемшіліктерді жоюмен айналысып жатырмыз. Жаңа Заңның негізінде арнайы қызмет еуропалық әріптестерімен, НАТО өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Телефон операторлары да сим картаны құжатын көрсеткен тұтынушыға ғана сататын болады. Кей адам «қолайсыз» дер. Бірақ,  бүгін қауіпсіздіктен маңызды ештеңе жоқ.

0 пікір
Мұрағат