Шілде айынан бастап Алматы – Талдықорған тас жолы ақылы болады
Шілде айынан бастап Алматы – Талдықорған тас жолы ақылы болады
7 жыл бұрын 3771

Алматы облысында көлік жүргізушілерге Алматы-Талдықорған бағыты бойынша жол жүру ақысы қалай төлейтіні туралы айтылды. Көптеген құрылыстарға қарамастан, шенеуніктер тас жолдың мінсіз шарттарын да құруға уәде етеді. Бұл туралы КТК арнасы сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Деректер базасында жүргізушілердің қанша километр жүргені жиналатын болады. Сонымен қатар, жүргізушілер «Қазавтожолдың» арнайы формасын қолдана алады. Ол жол ақысын сол жерден киви терминал, телефон және банк шоты арқылы төлей алады»,- дейді мердігер компанияның өкілі Вадим Никитин.

Ал, Алматы мен Талдықорғанды жалғайтын 250 шақырымдық автомагистраль келер жылы терминал құрылысы толық аяқталғаннан кейін ақылы болмақшы. Жолдың салынып жатқанына бес жыл болған, бірақ оны екі жылда салып бітіруді жоспарлаған болатын. Бұл тас жолдың құрылысына 130 млрд. теңге жұмсалыпты. Жеңіл көліктерге арналған тариф 1 километрге бір теңге болмақ.

Ал жүк көлігі ақыны салмағына қарай төлейтін болады. Сондай-ақ, тәулік бойы автокөлік нөмірі және әрбір жүрген километрді қадағалауға электроникаға көмектеседі.

Сонымен қатар, жолдың кеңейтілуіне байланысты автожолға жақын орналасқан отыз шақты Бақтыбай ауылының тұрғындары әлі күнге дейін мердігерлермен соттасуда. Ауыл тұрғындары оларды құрылыс нормаларын бұзды деп айыптап отыр. Олар тіпті жол қозғалысын ашқан күннің өзінде тас жолды бөгеп тастаймыз деп, қоқан-лоққы көрсетуде. Бірақ не болса да, тас жолдың құрылысы биыл аяқталады екен.

«Балпық биден Талдықорғанға дейін 235-259 километрлі бөлік қалды. Олар осы жылы осы бұл бөлікті  аяқтауды уәде берді. Сондай-ақ, Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жол құрылысы толығымен аяқталады»,-дейді «Қазавтожол» АҚ бас маманы Рысбек Жұмаділов.

0 пікір
Мұрағат