Шетелге шығуға салынған тыйым мен әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын қалай тексеруге болады: тағы бір әдісі пайда болды
Шетелге шығуға салынған тыйым мен әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын қалай тексеруге болады: тағы бір әдісі пайда болды
6 жыл бұрын 3200

Ендігі қазақстандықтар шетелге шығуға салынған тыйымның және әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын Telegram-bot арқылы тексере алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстан тұрғындарына Telegram  мессенджеріндегі – @EgovKzBot арқылы тағы да 4 қызмет түрі көрсетіледі. Бұдан былай боттың көмегімен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы ақпаратты; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпаратты; шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере; тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет ала алады.

Онлайн тәртіпте ақпарат алу механизмі өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді.

«Азаматтарға өз гаджетінде Telegram мессенджеріндегі қызметтер мен сервистерді пайдалану үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталының жеке кабинетінде өз телефон нөмірін бекітуі тиіс. Бұдан әрі ботта іске қосуды жүзеге асыру керек (іздеу жолына @EgovKzBot деп енгізу). Алдын ала анықталған командаларды жіберу арқылы қажетті қызметтер мен сервисті таңдау, қажетті деректерді енгізу және мобильді нөмірге жіберілген бір реттік құпия сөзді енгізу арқылы қызметтер мен сервисті алуды растау арқылы алуға болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

0 пікір
Мұрағат