Шетелдіктерге жер сатылмайды
|
Енді Қазақстан азаматтары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін аукцион арқылы сатып ала алады. Ал шетелдіктер мен атамекенге оралған қандастарға 25 жылға жалға беріледі. Ол туралы Жамбыл облысына жұмыс сапармен келген Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері баяндады. Жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен кеңес өткізген Гүлжахан Бимендина «100 қадам» Ұлт жоспары аясында өзгерістер енген жер кодексі мен басқа да заңнамалық актілерді таныстырды. Бос жатқан жер телімдерін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлеріне құрылыс жүргізу тәртібі мен жекеменшікке берудің жаңа механизмі шаруалармен бірге талқыланды. Жаңа жүйеге енген жеңілдіктер де жарияланды. Гүлжахан Бимендина, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары: - Жалдағы жүрген жер учаскелері, шаруақожалықтары жалдың бітетін мерзіміне дейін өз учаскелерін сатып алуға құқылы. Оның өзінде жеке жеңілдіктер 50 пайыз, 50 пайыздың өзін 10 жылға бөліп төлеуге рұқсат берілген. Сондықтан бұл өзгерістер 1 шілдеден бастап енеді.