Шетелдік банктерге Қазақстанда филиалдарын ашуға мүмкіндік берілмек
Шетелдік банктерге Қазақстанда филиалдарын ашуға мүмкіндік берілмек
6 жыл бұрын 2382 Дәурен Ерболат

2020 жылы шетелдік банктер Қазақстанда филиалдарын аша алады. Бұл туралы ДСҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Жанар Айтжанова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында қойылған міндеттерді орындап жатырмыз. 2020 жылы біз шетелдік банктерге Қазақстанда филиалдарын ашуға мүмкіндік береміз. Осылайша, олар Қазақстан территориясында қызмет көрсете алады», - деді өкіл Астанада өтіп жатқан «Көпжақты сауда жүйесінің болашағына еуразиялық көзқарас: ДСҰ қосылу және ДСҰ қағидаларының эволюциясы» атты дөңгелек үстел кулуарында.

Оның пікірінше, шетелдік банктердің отандық қаржы нарығында жұмыс істеуі бәсекелестікті арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жол ашады. Сондай-ақ, қарапайым тұрғындар ипотекалық несиені АҚШ және Еуропа елдеріндегі сияқты төмен проценттік ставкамен алуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан шамамен 20 жылға созылған келіссөздер нәтижесінде 2015 жылдың шілдесінде ДСҰ-ға ресми түрде мүше болды.

0 пікір
Мұрағат