Шалғайдағы Шалабай...
Шалғайдағы Шалабай...
9 жыл бұрын 7430 massaget.kz

Еліміздің шығысында Шалабай деп аталатын шағын ауыл бар. Өзі қаншалық кішкентай болса, аты соншалық үлкен бұл ауыл бір кездері қазақтың ақбас сиырын өсіріп, барша жұртқа танымал болған. Бірақ, 90-шы жылдары дағдарыс кесірінен шаруашылық құлдырап кетті. Қазіргі уақытта Шалабай жайлы көп айтыла бермейді. Өскеменнен 100 шақырым жерде орналасқан, халқының саны 1000 адамнан сәл асатын, Қызылсу өзенін жағалай қонған ауылдың бүгінгі жағдайы нашар емес екенін өз көзімізбен көріп келдік. Шалабай ауылында қайта құрылған "Шалабай" шаруа қожалығы сөзімізге дәлел бола алады. Ендеше сол қожалыққа сапар шеккенде жасаған фоторепортажға назар салыңыздар!

Бірақ соған қарамастан, бұл сиырларды өсіру әсте оңай емес. Бұл жұмыс қажырлы еңбек пен қалыптасқан жүйені қажет етеді.

Малды үнемі қадағалауында ұстайтын бақташыларды да ұмытпаған жөн.

Бұл кісілердің жұмысы қаншалықты ауыр екені айтпаса да түсінікті шығар...

Күн суықта мал салмақ тастайды және көп азық қажет етеді. Сол себепті қыста оларды осындай қораларда ұстаған жөн.

Орылған астықты арнайы қоймаларда сақтайды.

Ал орнын қайтадан жыртып, келесі кезеңге дайындап қояды.
 
Көктемде бұл жерлерге қайтадан астық егіледі.
Мал өсіру тек жайылымдар мен су көздерінен тұрмайды, мал өсіру үшін көптеген құжаттармен де жұмыс істеуге тура келеді екен. Мысалы, "Бұл не?" дерсіз. Бұл – қожалықта тіркелген сиырлардың шежіресі. Қызық, ә? Бұл шежіре қан тазалығы үшін қажет!

 
Мысалы, жылқының саны қазіргі уақытта 600 басқа жеткен.
Жылқыдан бөлек, бірнеше отар қой да бар.

0 пікір
Мұрағат