|
Семейде қатерлі ісікке қарсы шие өсірілмек
|
«АГРОСЕМЕЙ-2016» халықаралық агрокөрмесінде Венгриядан келген ғалымдар шие жидегіне зор мән бере тоқталды.
Етжең, шырынды жемісінің адам ағзасына пайдалы тұстарын атап өтіп, ең бастысы қатерлі ісікке қарсы дәрумен ретінде жиналған қауымның назарына ұсынылды. Күнделікті қолданыстағы шие жидегі, Р-дәрумендерінің адам ағзасында жүрек-қан тамырларының белсенді түрде жұмыс жасауына ықпал етеді. Венгр ғалымдарының айтуы бойынша, антоциандар, жүрек – қан тамырларының нығайтып, инсульт, инфаркт, қатерлі ісіктердің алдын алады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Шәкәрім Университетінің ғалымдары Венгрлық әріптестерімен бірге қатерлі ісіктің алдын алатын шие ағаштарын өсіріп, баптамақ. Болашақта бірге жұмыс атқаруды жүзеге асырып отырған ғалымдар, шие ағашының бірнеше түрлерін сынаққа алуды жоспарлауда. Мамандардың айтуы бойынша, Шәкәрім Университетінде биотикалық және абиотикалық факторларына бекем шие жидегінің өсіп шығуына барлық жағдай жасалған.