Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
|
31-мамыр саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні. Бұл күнді Елбасымыз: «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні», - деп белгілеп, 1997 жылы жарлыққа қол қойған. Содан бері елімізде ашаршылық жылдарында құрбан болғандарды тиісті дәрежеде еске алу жалғасын тауып келеді. Осы орайда Islam.kz сайтының ұжымы да сол сұрапыл жылдарды еске алып, қыршынынан қиылған ата-бабаларымызға құран бағыштап, тағзым етеді.
Саяси қуғын – сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік – жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жерде борышымыз - осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.