Сәуiрдің 1-нен бастап, куәлiктер мен паспорттар 2 күнде дайын болады
|
Сәуiрдің 1-нен бастап, елiмiздiң бiрнеше қаласында куәлiктер мен паспорттар 2 күнде дайын болады. Бұл туралы ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ерлан Тұрғымбаев баспасөз мәжiлiсiнде мәлiмдедi.
«Қазақстанға жеке тұлғалардың келуiне шақырулар мен олардың елiмiзден сыртқа шығуына құжаттар рәсiмделедi. Ағымдағы жылы паспорттар мен жеке куәлiктердi беру мерзiмдерiн қысқарту үшiн құжаттар әзiрлейтiн қосымша орталықтар Ақтөбе қаласында, 2014 жылы Шымкент қаласында ашылды. Бұл құжаттар берудi 30 жұмыс күнiнен 15 жұмыс күнiне дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi», - дедi вице-министр.
Оның айтуынша, сонымен бiрге биылғы жылы 1 сәуiрде құжаттарды шығаратын өндiрiстiк орталықтары бар Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжаттарды беру мерзiмi жеделдетiлiп, 2 жұмыс күнi iшiнде, ал облыс орталықтары үшiн 4 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.