Сәуірдің 1-нен бастап Астана теміржол вокзалында тексеріп кіргізу режімі енгізіледі
|
2017 жылдың сәуір айының 1-не бастап ӘТКҚ Астана теміржол вокзалына жолаушыларды және олардың қол жүктерін тексеріп кіргізуді бастайды. Оған жалпы саны 149 штаттық қызметкер тартылады.
«Көлік инфрақұрылымы нысандарындағы тексеру» бағдарламасына сәйкес 150-ден астам әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкері оқу-тәжірибеден өткізілуде.
Тексеру инспекторлары тиісті нұсқамалықтардан өтіп, қажетті талаптардан тыс оқыс оқиға кезінде жолаушылармен сыпайы қарым-қатынас жасау туралы тәжірибе алмасады.
«Көлік инфрақұрылымы нысандарындағы тексеру» бағдарламасына сәйкес, оқу тәжірибе жұмыстарынан 300-ден астам қызметкер өткізіледі. Олар Астанадағы жаңа вокзал кешеніне қызметке тартылады.
Айта кетерлігі, Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарындағы тексеру құрылғылары бір айдан бері жұмыс істеп тұр. Осы уақыт аралығында ӘТКҚ қызметкерлері кінәсінен оқыс оқиға тіркелген жоқ. Жолаушыларға қажетті тексеріп өткізу жөніндегі барлық ақпарат қос тілде берілген.
«Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында 12 рентгендік телеаппараттар мен тексеру қондырғылары қамтамасыз етілген. Оның сегізі Алматы-1 және төртеуі Алматы-2 станцияларына орнатылған»,-дейді Алматы магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары Ерік Шінтеков.
Жолаушылар мен вокзалға кірушілер өздері мен қол жүктерін тексеруді түсіністікпен қабылдауда. Тұрғындар тексеріп өткізу режімінің қажеттілігі мен тексеруші инспекторлардың ізеттілігі әрі жеделдігіне ризашылықтарын білдіруде.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, жолаушыларды тексеру лаңкестік қауіптің деңгейіне байланысты жүргізіледі. Лаңкестік қаупі болмаған жағдайда, лаңкестіктің қалыпты («сары») деңгейінде жолаушылар мен олардың қол жүктері ішінара тексеріледі. Лаңкестіктің қаупі жоғары («алқызыл») немесе қиындықты («қызыл») деңгейінде барлық жолаушылар мен олардың қол жүктері тексеріледі.
Тексеру кезінде аса қауіп туғызатын (қару, оқ –дәрі, жарылғыш заттар) заттар табылған жағдайда, тексеру жүргізуші инспектор арнайы мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қосымша шаралар жасау үшін шақырады.
Тексеру жасаудың негізгі мақсаты - көлік инфрақұрылымында оқыс оқиғаларға апарып соқтыруы мүмкін адамдардың құрылғылар мен заттарды вокзал ішіне алып кіруін болғызбаудан туындап отыр.