Саудия виза беретін елдер арасында Қазақстан да бар
Саудия виза беретін елдер арасында Қазақстан да бар
5 жыл бұрын 4543 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі наным-сеніміне қарамастан әлем бойынша 49 елдің азаматтарына туристік виза беретін болып шешкен. Саудияға туристік саяхат жасағысы келетін елдер тізімінде Қазақстан да бар. Виза электронды түрде немесе аталған елдің әуежайында берілмек. Бұл жайында Саудияның туризм және ұлттық мұра жөніндегі басқармасының жетекшісі Ахмет әл-Хатыб бүкіл әлемдік туризм күніне орай өткен Welcome to Arabia салтанатты шарасында ресми мәлім етті. "49 елдің азаматтары қыркүйек айының 28-і күні туристік визаны әуежайға келгенде төлқұжат қызметінен немесе www.visitsaudi.sa элкетронды платформа арқылы, сондай-ақ, королдік аумағынан тыс шетелдегі королдік өкілдігінен аштыра алады. Бір сапарға кем дегенде 90 күнге және 180 күннен артық емес виза мерзімі  берілген сәттен бастап 12 ай бойы жарамды болады",- деді ол. Саудияға туристік сапармен Еуропаның 38 елі, Азияның 7 елі, соның ішінде Қазақстан да бар, сонымен бірге, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия азаматтары бара алады. Виза құны 440 саудиялық риал (шамамен 120 доллар) тұрады, оның 140 риалы медициналық сақтандыруға жұмсалады, сондай-ақ, қосымша салық алынуы мүмкін. Туристік визаны аталған елде ұзарта алмайсыз. Виза мерзімі біткен жағдайда аталған ел аумағынан кетпеген туристерге салынатын айыппұл мөлшері 100 саудиялық риалды құрайды. бұдан бөлек, аталған араб елінде жасы 18-ге толмағандар виза аштыра алмайды, олар үшіг визаны заңды өкілі аштыра алады. Шетелдік төлқұжат мерзімі Саудия аумағында болу уақытында аяқталса, ол жарамсыз болып қалмақ. Сөз орайы келгенде естеріңізге тағы бір мәрте сала кетейік, Саудия туристік визаны тұңғыш рет беріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат