Сақтандырылған азаматтардың медициналық профилактикасы тегін болады
Сақтандырылған азаматтардың медициналық профилактикасы тегін болады
7 жыл бұрын 2697

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақмола облыстық филиалында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің және міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетінің жаңа үлгісі туралы айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, әрбір адамға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ қоғам үшін маңызды ауруларға мемлекеттің бақылауын қамтамасыз ететін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа үлгісі әзірленді.

Жаңа модельді енгізу мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыру шеңберiнде медициналық көмек көрсетуден кейiн синхрондалады. МӘМС шеңберінде қызметтер пакеті әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтардың денсаулығының негізін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Басқаша айтқанда, шұғыл араласуды және елеулі мемлекеттік реттеуді талап ететін барлық жағдай МӘМС есебінен және тегін қызметтердің кепілдендірілген көлемінен асатын қосымша қызметтер көрсетілетін болады.

Осылайша, барлық азаматтар үшін жедел жәрдем, санавиация, алғашқы санитарлық-медициналық көмек, шұғыл стационарлы алмастырушы және стационарлы көмек, паллиативтік көмек қолжетімді болады. Бұдан басқа, әлеуметтік маңызды аурулармен, созылмалы аурулармен, консультативтік-диагностикалық көмекпен, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде, стационарлық емдеумен, туберкулезге медициналық оңалту кіреді. Ал тегін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқасында медициналық көмек көрсету түрлері ұлғаятын болады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесінде сақтандырылған азаматтар тегін медициналық профилактикалық тексерілу, балаларды тексеру, қымбат лабороториялық қызмет түрлерін, дәрумендер, онкомер, антиген, гормон түрлерін, ПЦР диагностика, сонымен қатар КТ, МРТ және тағы басқа медициналық қызмет түрлерін тегін пайдалануға мүмкіндік алады. Сонымен қоса сақтандырылған азаматтар амбулаториялық дәрілік қамсыздандыруға ие болады. Ересектер мен балаларға медициналық оңалту кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология және ортопедия секілді профильдерде қол жетімді болады, - дейді «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалы бастығының орынбасары А. Жүсіпова. 

0 пікір
Мұрағат