Сақалымен әйгілі болған әже
Сақалымен әйгілі болған әже
10 жыл бұрын 6269

Оңтүстік Қазақстан облысының 65 жастағы тұрғыны Мухтабор Тораева сақалымен елге әйгілі болды. Бұл жайында КТК телеарнасы хабар таратты. Әженің сақалы 20 сантиметрге дейін өскен. Турбат ауылында тұрады. Әже сақалынан құтылуды ойына да алған емес. Керісінше мақтан тұтады. Әженің айтуынша, сақалын көрген адамдар алдымен шошына қарағанымен артынан бірге суретке түсуге ұсыныс білдіретін көрінеді. Зейнеткер Өзбекстанға туыстарының хал-жағдайын біліп келу үшін жиі баратынын, шекарада оны тек бір-ақ мақсатта тоқтататынын – фотосуретке бірге түсуге өзіне қолқа салатынын жеткізді. Сақалы өмір сүруге кедергі келтірмейтінін, қайта көмектесетінін де жасырмады. Мухтабор Тораева осыдан 42 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Бір ұлы және бір қызы бар. Сонымен қатар, алты немере сүйіп отыр. Отағасымен танысқанда әйелдің сақалы енді өсіп келе жатқан болатын. Жолдасы оның сырт келбетін де, кеңпейіл мінезін де мақтан тұтады. Сақалдың өсуі бар, әйелдер жағынан тұқым қуалайтынын да жайып салды. Зейнеткердің сөзіне қарағанда, әжесіне де, анасына да сақал өскен. Сақал 25 жастан бастап өсе бастайтынын да тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат