Сапасыз тауарлар ұсынған азық-түлік дүкендерінің тізімі жарияланды
Сапасыз тауарлар ұсынған азық-түлік дүкендерінің тізімі жарияланды
8 жыл бұрын 5680 inform.kz

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылдың 8 айында республикадағы ірі супермаркеттерде 175-тен астам бұзушылықты анықтады.

Аталмыш комитеттің сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, тиісті сападағы қауіпсіз тауарды сатып алуда тұтынушылардың құқықтарын бұзған ірі сауда нысандарының тізімі келесідей:  «Метро Кэш энд Кэрри» (43 бұзушылық), «Рамстор Казахстан» (18 бұзушылық), «Magnum» (21 бұзушылық)  және "Маджид Аль Футтайм Гипермаркетс Казахстан" (23 бұзушылық)  гипермаркеттері; «Анвар» (28 бұзушылық), «Small» (32 бұзушылық) супермаркеттері және басқалары.

Сауда нысандарында өнімдердің бактериологиялық көрсеткіштері, сақтау талаптары және жарамдылық мерзімдері  талаптарға сәйкес келмеген,  олардың сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған. Сатуға қабылдап алынған кезде өнімнің таңбасына және өндіру күніне көңіл аударылмаған, мемлекеттік тілдегі өнімді таңбалау жөніндегі талаптар ескерілмеген.

Осыған байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өнімдерді (тауарларды) сатып алу кезінде өнімнің жарамдылық мерзіміне, сақтау талаптарына және таңбалауға көңіл аударуды сұрайды. 

0 пікір
Мұрағат