Салық төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырыла бастады
Салық төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырыла бастады
8 жыл бұрын 3251 Tengrinews.kz, vk.com

Медеу аудандық соты алматылық тұрғынды салық төлемегені үшін жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды тілшісі. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мәлімдеді. Мұндай сот практикасы Қазақстанда бірінші рет қолданған. Осыған орай басқа да қарыздар адамдарды жүргізуші құқығынан айыруды көздеген. "Егер де жақын уақытта борышкерлер өз қарыздарын өтемейтін болса, олардың ісі сот органына жіберіліп, уақытша жүргізуші құқығынан айыру мәселесі қарастырылатын болады", - дейді ведомстводағылар. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, жүргізуші құқығынан айырылған алматылықтың қарызы 1,2 миллион теңгені құраған. Жалпы, Медеу ауданында 29 тамызға дейін 12 745 борышкер тіркелген. "Жеке тұлғалардың қарызы салық құпиясы болып саналмағандықтан, қарыз адамдардың тізімі 1 қыркүйекте БАҚ беттерінде жарияланады. Борышкерлер арасында Қазақстандағы атақты адамдар мен мемлекеттік қызметтегі адамдар бар", - деді салықшылар. Еске салайық, салық төлемеген азаматтарды жүргізушілік құқығынан айыруды Бас прокуратура 2014 жылы ұсынған.

0 пікір
Мұрағат