Салық қарызы неше теңге болса, шетелге шығуға тыйым салынады?
Салық қарызы неше теңге болса, шетелге шығуға тыйым салынады?
5 сағат бұрын 57 naryk.kz kaz.inform.kz

Қазақстанда 1,15 трлн теңге салық қарызы үшін 900 мыңнан астам салық төлеушінің банк шоттары бұғатталуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінің қарызды өндіру тәсілдері әртүрлі екенін түсіндірді. Қазіргі ереже бойынша, қарыз көлемі 6 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы — 23,6 мың теңге) асса, шоттар бұғатталады. Ал 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарыз сомасына қарай сараланған тәсіл қолданылмақ.

Шетелге шығуға тыйым салу

Қарызы 27 мың АЕК-тен (116,8 млн теңге) асатын 637 салық төлеуші бар. Олардың жалпы берешегі — 827,2 млрд теңге, яғни бұл топтағы әр адамға орташа есеппен 1,3 млрд теңгеден келеді.

Мұндай жағдайда компания басшылары, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.) үшін Қазақстаннан шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл шара қарыз үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген жағдайда және сот санкциясы болса ғана қолданылады.

Айта кетсек, егер берешек 20 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мың теңгеге дейін) болса, салық төлеушіге тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұл жағдайда шоттарды бұғаттау сияқты қатаң шаралар қолданылмайды.

Ал қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мыңнан 194,6 мың теңгеге дейін) болса, салық органдары берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіп, өсімпұл есептейді. Сонымен қатар банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатып, инкассалық өкімдер қояды.

Егер қарыз 45 АЕК-тен асса, салық органдары берешекті өндіріп алудың барлық шарасын қолданады. Бұған мүлікті тізімге алу және оны сату, сондай-ақ дебиторлар арқылы қаражатты өндіру шаралары кіреді.

Салық берешегі: қандай жағдайда мүлік сатылады?

Қазақстанда 1,15 трлн теңге салық қарызы үшін 900 мыңнан астам салық төлеушінің банк шоттары бұғатталуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінің қарызды өндіру тәсілдері әртүрлі екенін түсіндірді. Қазіргі ереже бойынша, қарыз көлемі 6 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы — 23,6 мың теңге) асса, шоттар бұғатталады. Ал 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарыз сомасына қарай сараланған тәсіл қолданылмақ.

Мүлікті сату

Егер қарыз 45 АЕК-тен асса, салық органдары берешекті өндіріп алудың барлық шарасын қолданады. Бұған мүлікті тізімге алу және оны сату, сондай-ақ дебиторлар арқылы қаражатты өндіру шаралары кіреді.

Бұл санатқа 56 784 қазақстандық жатады. Олардың жалпы қарызы 276,5 млрд теңгені құрап отыр, яғни орташа есеппен әрбір жеке тұлғаға 4,9 млн теңгеден келеді.

Айта кетсек, егер берешек 20 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мың теңгеге дейін) болса, салық төлеушіге тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұл жағдайда шоттарды бұғаттау сияқты қатаң шаралар қолданылмайды.

Ал қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мыңнан 194,6 мың теңгеге дейін) болса, салық органдары берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіп, өсімпұл есептейді. Сонымен қатар банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатып, инкассалық өкімдер қояды.

Қарызы 27 мың АЕК-тен (116,8 млн теңге) асатын компания басшылары, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.) үшін Қазақстаннан шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл шара қарыз үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген жағдайда және сот санкциясы болса ғана қолданылады.

Қанша салық төленбесе, шот бұғатталады?

 

Қазақстанда 1,15 трлн теңге салық қарызы үшін 900 мыңнан астам салық төлеушінің банк шоттары бұғатталуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінің қарызды өндіру тәсілдері әртүрлі екенін түсіндірді. Қазіргі ереже бойынша, қарыз көлемі 6 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы — 23,6 мың теңге) асса, шоттар бұғатталады. Ал 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарыз сомасына қарай сараланған тәсіл қолданылмақ.

Шотты бұғаттау

Егер қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мыңнан 194,6 мың теңгеге дейін) болса, салық органдары берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіп, өсімпұл есептейді. Сонымен қатар банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатып, инкассалық өкімдер қояды.

Бүгінгі таңда осындай көлемдегі берешегі бар 14 313 салық төлеуші тіркелген. Олардың жалпы қарызы 1,8 млрд теңгені құрайды, яғни орташа есеппен бір адамға 125,8 мың теңгеден келеді.

Айта кетсек, егер берешек 20 АЕК-ке дейін (2026 жылы — 86,5 мың теңгеге дейін) болса, салық төлеушіге тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұл жағдайда шоттарды бұғаттау сияқты қатаң шаралар қолданылмайды.

Егер қарыз 45 АЕК-тен асса, салық органдары берешекті өндіріп алудың барлық шарасын қолданады. Бұған мүлікті тізімге алу және оны сату, сондай-ақ дебиторлар арқылы қаражатты өндіру шаралары кіреді.

Қарызы 27 мың АЕК-тен (116,8 млн теңге) асатын компания басшылары, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.) үшін Қазақстаннан шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл шара қарыз үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген жағдайда және сот санкциясы болса ғана қолданылады.

Салық органдары тексере келгенде олардан қандай құжат талап ету керек?

 

Салықтық тексеру тағайындалып, салық органы құжаттарды талап етсе не істеу керек?

Тексеру нұсқама табыс етілген сәттен басталады; Салық органының нұсқамасы салық төлеушіге (салық агентіне) ол жазып берілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұсынылады; Табыс етудің өз нюанстары бар; Жоспарлы тексерулердің жойылуымен бірге, тексеру басталғанға дейін 30 күн бұрын салық төлеушіні хабардар ету міндеті де жойылды. Бұл не деген сөз? Яғни, салықшылар нұсқамамен кез келген уақытта келіп, тексеруді бірден бастап кетуі мүмкін.

Сонымен, осындай нұсқамамен келіп, құжаттарды талап етсе не істеу керек?

1. Ең алдымен нені тексеру керек?

Кез келген әрекетке бармас бұрын, салықтық тексерудің тағайындалуы қаншалықты заңды екеніне көз жеткізу керек. Нормативтік база: ҚР Салық кодексінің 152, 153, 154, 160, 161-баптары.

Міндетті түрде мыналарды тексеріңіз:

  • Нұсқаманың тіркелуін;
  • Нұсқаманың Салық кодексінің 154-бабы 1-тармағында белгіленген міндетті реквизиттерге сәйкестігін;
  • Тексерушілердің қызметтік куәліктерін (идентификациялық карталарын) көрсетуін (СК 160-бап 2-т. 6-тармақшасы, 161-бап 1-т. 2-тармақшасы).
  • Маңызды! Егер нұсқама болмаса немесе ол СК 154-бабының талаптарына сай келмесе, салық төлеуші тексерушілердің талаптарын орындамауға және құжаттарды бермеуге құқылы (!!!).

Сонымен қатар егер салық төлеуші тексеру кезінде нұсқамаға шағым түсірсе, бұл тексеруді тоқтатуға негіз болмайтынын ескеру қажет. Бірақ бұл тек заңды нұсқамаға қатысты.

Егер нұсқама заңды болса және оны сізге табыс етсе, бұл тексеру басталды деген сөз. Демек, лауазымды тұлға тиісті құжаттарды талап етуге құқылы.

2. Құжаттарды ұсыну туралы жалпы ережелер

Нормативтік база: СК 49-51, 160, 161, 164-баптары.

Мәлімет үшін:

  • Нұсқамамен бірге құжаттарды ұсыну туралы талап қоса берілуі мүмкін;
  • Тексеру кезінде құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен артық берілмейді (орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бұған жатпайды);
  • Құжаттарды ұсыну мерзімі — талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні.

3. Салық төлеуші қандай құжаттарды беруге міндетті?

Нормативтік база: СК 160-бап 1-т. 3), 4), 6) тармақшалары; 161-бап 2-т.

Тексеру шеңберінде мыналарды беру керек:

  • Тексерілетін кезеңдегі бастапқы бухгалтерлік құжаттар;
  • Бухгалтерлік және салықтық есепке алу регистрлері;
  • Салықтық есептілік пен есептеулер;
  • Шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, жүкқұжаттар (егер олар тексеру нысанасына қатысты болса);
  • Тексерілетін кезеңдегі табыстар мен шығындарды растайтын құжаттар;
  • Салық салу объектілеріне қатысты құжаттар;
  • Тексеру кезінде туындаған сұрақтар бойынша жазбаша түсініктемелер;
  • Бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелерге тексеру нысанасы шегінде қолжетімділік беру;
  • Стандартты тексеру файлы (егер оны тапсыру міндеті белгіленген болса).

Құжаттар қағаз жүзінде немесе СК 49-51 баптарында белгіленген тәртіппен электронды түрде беріледі.

4. Қандай құжаттарды беруге міндетті емес?

Нормативтік база: СК 49, 136, 137, 154, 160, 161-баптары.

Салық төлеуші мыналарды бермеуге құқылы:

  • Тексеру нысанасына қатысы жоқ құжаттар;
  • Нұсқамада көрсетілмеген кезеңдерге қатысты құжаттар;
  • Салықты есептеуге және төлеуге әсер етпейтін ішкі басқарушылық, талдамалық және корпоративтік құжаттар;
  • Тиісті жазбаша талапсыз сұралған құжаттар.

Есіңізде болсын! Салық кодексінде құжаттарды «әрмен-бермен» немесе «талдау жасау үшін» сұрату қарастырылмаған. Талап хатта сұралып жатқан құжаттардың нақты тізімі көрсетілуге тиіс.

5. Құжаттарды қалай дұрыс тапсыру керек?

Мынадай кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Құжаттарды тізімдеме бойынша тапсырыңыз;
  • Қай талапқа жауап ретінде және қай нұсқама аясында беріліп жатқанын көрсетіңіз;
  • Құжаттарды тапсыру күні мен тәсілін тіркеп отырыңыз;
  • Берілген барлық материалдың көшірмесін өзіңізде сақтаңыз;
  • Егер талаптың заңдылығына күмәніңіз болса, жекелеген құжаттарды беруден бас тартудың құқықтық негіздемесін жазып, түсініктеме жіберіңіз.

6. Салық органы заңсыз талап қойса не істеу керек?

Нормативтік база: СК 36, 37, 160-баптары.

Егер талап заңсыз болса:

  • Заңның нақты нормасы көрсетілген жазбаша талапты сұраңыз;
  • Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, құжаттарды беру міндетінің жоқтығын жазбаша мәлімдеңіз;
  • Бұзушылықты тіркеңіз (қызметтік жазба, акт және т.б.);
  • Жоғары тұрған салық органына шағым түсіріңіз;
  • Қажет болса — салық органының әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымданыңыз.
Мобильді аударым бойынша салықтан жалтарғандардың берешегі қалай өндіріледі

KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылдың 1 қаңтарынан мобильді аударым бойынша салықтан жалтарғандардың берешегі қалай өндірілетінін түсіндірді.

- Мобильды аударым туралы бұйрыққа өзгерістер енгіздік. Өздеріңіз білесіздер, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ережеде 2 фактор бойынша тексеру жүргізілетін еді. яғни, әртүрлі 100 адамнан 3 ай қатарынан аударым алса, біз онда мұны кәсіпкерлік ретінде қарастырған болатынбыз. Бірақ, осыны іске асырған кезде ұсыныстар көп түсті. Мәселен, аударым сомасы аз, 100, 200 теңгеден аударым болатыны, соманың мөлшерін көрсету керектігі айтылды. Сондықтан үшінші көрсеткіш енгіздік. Оның сомасы - 12 АЕК. Яғни, 1 млн-нан асып түсуі тиіс. Осы критерий сәйкес болғанда ғана аударымдарды бақылауға аламыз, - деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Оның түсіндіруінше, бір адамның шотына 5 млн, 10 млн теңге 2-3 адамнан түссе, онда ол бақылауға алынбайды. Немесе қаңтарда аударым алып, ақпанда аударым алмаса ондай да есепшоттар бақыланбайды. Яғни, 3 ай - қаңтар, ақпан, наурыз айларында ақша қатарынан түсуі керек.

- Біз жеке азаматтардың шоттарын бұғаттамаймыз. Хабарлама береміз. Осыдан кейін түсініктеме беріп, оны қабылдағанда шара қолданылмайды. Бірден шектеу шарасын қолданбаймыз. Тек салықтық тексеру арқылы ғана шара қолданамыз, - деді Ержан Біржанов. 

Вице-министрдің айтуынша, жеке тұлға хабарламаны ескермеген жағдайда салықтық тексеру жүргізіледі. 

- Банктерден деректерді алып, қай адамнан, қандай жағдайда ақша түскенін тексереміз. Егер салықтан жалтаруды байқасақ, оған салық міндеттемелерін өтеуді талап етеміз. Оны уақытылы төлеуі тиіс. Ол азамат бізбен келіспей, сот арқылы шешімді қайта қарауы мүмкін. Егер сотқа жүгінбесе, онда салықты өндіріп алу шараларын қолданамыз. Жеке сот орындаушыларына сол азамат туралы мәліметтерді береміз. Салықты сот орындаушылары арқылы өндіріп аламыз. Банктің шоттары бұғатталмайды, - деді вице-министр.

Бұған дейін 2026 жылдың қаңтарынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар енгізілетінін жазған едік.

Марлан Жиембай

2026 жылдың қаңтарынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі

KAZINFORM – 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды әкімшілендіру талаптары өзгермек. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Гүлден Хасенова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2025 жылғы 12 қарашада Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар бекітілген. Соған сәйкес, 2026 жылдан бастап түсімдер бойынша жаңа шекті мөлшер 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) енгізіледі.

– Бұған дейін үш ай қатарынан түрлі адамдардан 100 және одан астам аударым түскен жағдайда ғана кәсіпкерлік қызмет белгісі ретінде қарастырылатын. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 ең төменгі жалақы көлеміндегі түсім лимиті қосылады. Бүгінде ЕТЖ мөлшері – 85 мың теңге, – деді Гүлден Хасенова МКК-ның Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударым саны мен мөлшері салық органдарының назарын аудартқан адамдарға қандай хабарлама келетінін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстанда мобильді аударым ережелері өзгерді.

Тастан Тоянов

0 пікір
Мұрағат