САЛАФИЗМГЕ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНА МА?
|
24-25 қазанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары болып өтті. Сапары барысында Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Саудпен келіссөз жүргізді. Осы жолғы сапарында Елбасы Қытайға немесе Еуропа елдеріне сапарындағыдай орасан келісімдер жасамады. Қомақты инвестициялар тартылмады. Миллиардтаған доллар инвестиция немесе ұзақ мерзіміді қарыз алып келетін Елбасы бұл жолы энергетика, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттыққа қатысты жалпы құны 60 млрд теңгеден асатын бірқатар келісімге қол қойды. Шын мәнінде, бұл үлкен қаржы емес, 200 миллионға да жетпейтін доллар. Мемлекет басшысының мұнайға ең бай елдердің біріне жасаған осы сапарының басқаша сыры бар ма?
Араб елдері арасында Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет – Сауд Арабиясы Корольдігі. Сондай-ақ, аталмыш мемлекет Ислам діні бастау алған топырақтың да иесі. Исламның Сүнни және Шииттік ең үлкен екі ағымы бар екенін білеміз. 90 пайыз мұсылман сүнни болып саналады. Қалған шиттер үлесінің негізігі бөлігі осы Араб түбегінде, Сауд Арабиясында ғұмыр кешеді. Ал, біз Қазақстан мұсылмандықтың сүнни тармағындамыз. Сүннилер арасынан секталар шықпады. Барынша бейбіт ғұмырға жақын болды. Ал, Шиттердің бүлікшіл тармақ екенін Ислам тарихына қанықтар жақсы біледі. Бұл тармақтан көптеген секта шықты. Уахабизм мен салафизм тікелей шиттер арасынан туындады.
Назарбаевтің Араб түбегіне сапары тұсында ресми Ақорда алғаш рет Елбасының қажылыққа барған кезінен фото-видео материалдар жариялады. Сондай-ақ, 1994 жылғы Сауд Арабиясына алғашқы сапары кезіндегі суреттер де берілді. Елбасы Арабияда жүрген 25 қазан күні Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық Зерттеулер Институты директоры Ерлан Қарин де «Салафизмге біржола нүкте қою» туралы сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаевтің осы жолғы сапарындағы Ақорда әрекетінен де халыққа «дінімізді дұрыс ұстану» туралы, қайдан үйрену, үйренбеу туралы «Сигнал» берілгенін байқауға болады. Елбасы Сауд Арабияға кеткенге дейін «Салфизмге тиым салу» заңы қабылданып үлгермеген болатын. Естеріңізде болса, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Ермекбаев, Мемлекеттің салафизмге қатысты позициясын «Қабылдауға келмейтін бүлікші дініи ағым» деп атап, атқарылатын жұмыстың салафизмге заңмен тиым салу бағытында емес, салафизм литературасын алшақтатуға, түрлі БАҚ-тағы, интернет сайттардағы арандатушы идеологиясына жол бермеуге бағытталатынын айтқан болатын. Бұған байланысты 25 қазан күні TENGRINEWS-ке берген сұхбатында ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин «Салафизм мәселесі жағдайы батыл қимылдар талап етеді» деп атап айтты. Ол салфизмге тиым салу талқысы ұзаққа созылып кеткенін айтады. Қарин сұхбатында, «Салафизмге тиым салу мәселесінің бірнеше айдан бері талқыланып жатқанын, мемлекеттік орган өкілдері, дінтанушылар, сарапшылар мен заңгерлер әртүрлі пікірлер ұсынғанын» айтты. Оның ойынша, пікірлер екітүрлі көзқарас төңірегінде тоқайласады. Бірінші, Заң деңгейінде тиым салу. Ал, екінші тарап болса «Салафизмге тиым салу мүмкін еместігін, тиымның құқықтық тұрғыда өзіндік қиындықтары бар екенін» айтады. Қаринның ойнынша, «Салафизм» мәселесінің» ұзақ «талқылануы» оның айқын түрде шешім табуына көмектеспейді. Керісінше қоғам назарын басқа жаққа бұрып әкетеді. Сондықтан, мәселеге басқа қырынан келуді айтқан ҚСЗИ басшысы, мәселені «қоғам күткен талпақа сай шешу» жолын ұсынады. «Өңірлерге жиі сапарға барамын, қарапайым тұрғындармен, дін ұстанушылармен, ақсақалдармен, жастармен кездесемін, олардың мемлекеттен талап етіп отырғаны биліктің «Салафизмге нақты және анық шара қолдануы». Кездесушілерім ылғи да «Мемлекет салафизмды түбірімен жоя алмай ма?» деп сұрақ қояды дейді Қарин. Ол мәселені шешуде заңды және басқа аспектлерді ғана емес, қоғамның ішкі қажеттілігін, талабын ескеру керек екендігін баса айтады. Ол, сондай-ақ, көшелерден, интернет порталдардан салафизм насихаты материалдары оңай табылатынын айта келіп, осы талқыға нүкте қоюдың уақыты келді, адамдарға анық ұғындыру қажет дейді сұхбатында. Естеріңізде болса, биыл Ақтөбе мен Алматыда терракт болып, билік салафиттердің қатысы бар екенін анықтады. Ал, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан қоғамы, ислам атын жамылып, саяси дітін ішіне бүккен «Салафизм» идеологиясы тамырына бір жола балта шабуды сұрап отыр.