Сабақ үлгерімі нашар "Болашақ" студенті 25 миллион теңге төлейтін болды
Сабақ үлгерімі нашар "Болашақ" студенті 25 миллион теңге төлейтін болды
7 жыл бұрын 2572 tengrinews.kz © Neupusti.net

"Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алған студент сабақ үлгерімі нашар болғаны үшін 25 миллион теңге төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс материалы бойынша 2009 жылы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен жігітке Ұлыбританияда "Құрылыс және сәулет" мамандығы бойынша білім алу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген. "Осыған байланысты азамат С. мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы арасында білім алуды ұйымдастыру бойынша келісімшарт жасалды. Бұл келісім бойынша азамат С. сабақ үлгерімі жақсы деген бағадан төмен болмайды деп міндет алған. Сот барысында жігіттің сабақ үлгеріміне қатысты міндетін орындамай Келісім шарттарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты ол "Болашақ" стипендиясынан айырылды және шетелде оқуға кеткен шығынды толық қайтарады", - дейді сот өкілдері. Астана қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен студент есебінен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ пайдасына 25 675 842 теңге көлемінде қарыз өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді. 

0 пікір
Мұрағат