Республикалық үш жолда ақылы жүйе енгізілетін мерзім белгілі болды
Республикалық үш жолда ақылы жүйе енгізілетін мерзім белгілі болды
8 жыл бұрын 2636 inform.kz Арман Асқаров

Ағымдағы жылы республика бойынша үш бағыттағы тасжолда ақылы жүйені орнату жұмыстары атқарылады. "Биыл тек теxникалық жұмыстар ғана жүргізіледі. Бұл дегеніміз, "Астана - Теміртау", "Алматы - Қорғас" пен "Алматы  - Қапшағай" тас жолдарында ақылы жүйені орнату шаралары атқарылады. Ағымдағы жылда ешқандай ақы алынбайды. Ал келесі жылы, яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған үш бағыт ақылы болады", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі транзиттік және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директор орынбасары Серік Башимов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, жаңа жолдардағы ақының мөлшері "Астана - Бурабай" тасжолымен бірдей болады. Атап айтқанда, жеңіл көліктер әр шақырым үшін 1 теңге төлесе, жүк көліктері үшін 25 теңге болады. "Қазіргі кезде "Астана - Бурабай" тас жолынан жыл сайын 1,5 млрд. теңге түсіп отырады. Ол ақшаға жолды күтіп ұстау, сан алуан жөндеу шаралары атқарылады. Жаңа ақылы үш жолдың ақшасы да соған жұмсалады", - деп атап көрсетті Башимов. 

0 пікір
Мұрағат