Қытайдың ақпарат құралдары Қазақстан жері жайында не дейді? (ВИДЕО)
Қытайдың ақпарат құралдары Қазақстан жері жайында не дейді? (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4654 Ақерке Маратқызы

Қытай сайттарының брінде Қазақстан жері айтылған. Бұл жайында qamshy.kz ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш сайт сол елдегі 1-2 орында тұрған өте танымал сайт болып табылады. Қытай ақпараттық құралдарында жарияланған бұл видеода біршама тарихи деректерді тілге тиек ете отырып, Қазақ жері жайында адам сенгісіз хабарлар таратқан. Қазақ жерін отарлған Ресей империясы кезіндегі тарихи деректерді айтады. Қытайдың Чин патшалығы мен Ресей империясы арасындағы келісімдерге тоқтала кетеді. "Кезінде Чин патшалығы құлдыраған кезде Ресеймен келісімге отырып, біраз жерлерін солардың қарамағына берген. Ал қазіргі таңда бір мемлекет бар. Олар Қытайға ешқашан да соғыс ашқан емес, жерін жаулап алған жоқ, бірақ олар қазір біздің біраз жерімізді жаулап алып отыр. Олар кім дейсіздер ғой, ол - Қазақстан. Анығында, бұл жерлер Қытайдың шекарасына тиесілі", - деп айтылады бұл видеода. Қытай жұртының аталмыш видеоға жазған пікірлері тіптен сұмдық. "Керек десеңіз қарулы күшпен бұл елді жаулап алу керек. Қытайдың жерін өзіне қайтару керек", - деген сынды түрліше пікірлер жазылған.


Қытай хакерлері веб-камера арқылы бүкіл әлемді бақылай алатын болды

Қытай хаккерлері веб-камералар арқылы әлемнің кез келген жеріндегі пайдаланушылардың құрылғыларына ене алатын бағдарламаларды сата бастады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Росбалт ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. Мashable ақпараттық сайтының хабарлауы бойынша, құрылғы 28 $ бағаланған. Хаккерлер мессенджердегі топтық чаттар арқылы бағдарлама туралы ақпаратты бөлісіп отырған. Атап айтқанда, олар веб-камераларға қосылу үшін пайдаланушылардың аты мен құпиясөздерін жариялап отырған. Ондағы күнделікті тізімнің саны 200-400 құрайды. Әккі айлакерлер аталмыш бағдарлама арқылы қолданушының көмегінсіз-ақ жүйелік параметрлер мен құпия сөздерді өзгеру мүмкіндігіне ие болды. Сарапшылар ондай келеңсіздікке тап болмас үшін, гаджет құрылығыларындағы қосымшаларды жиі жаңартуға кеңес беруде.  
0 пікір
Мұрағат