|
Қытай Қазақстанның қандай жобаларына инвестиция құйды?
|
ls ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, 2005-2017 жылдар аралығында Қытайдың Қазақстан экономикасына бағыттаған және екі елдің біріккен кәсіпорындарына құйған қаржысы 29,4 млрд долларды құраған. Aл American Enterprize Institute ақпарат көзінің келтірген мәліметі бойынша қытайлық қаржының ең көп тартылған саласы энергетика болып отыр. Қытайлық инвесторлар 12 жылдың ішінде аталған салаға 28,2 млрд доллар құйған екен. Химия өнеркәсібіне - 3,7 млрд доллар, металл өндіру, өңдеу, байыту - 2,3 млрд доллар, құрылыс - 350 млн доллар. Бұған қоса, көлік саласына 150 млн долларды бағыттаған. Қаржы секторына 110 млн долларды құйған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Берік әрі экологиялық жағынан зиянсыз тасжол балдырдан жасалды
■
Бақадан қатерлі ісікке қарсы бактерия табылды
■
Азия елі ұйқы режимінің бұзылуынан жылына 6 млрд доллардан аса шығын көреді