Қытай Қазақстан экономикасын қалай сатып алып жатыр?
Қытай Қазақстан экономикасын қалай сатып алып жатыр?
8 жыл бұрын 4267 forbes.kz

ҚХР Қазақстанға инвестициясы жалғасуда. Бұл дегеніңіз Қазақстанның экономикасын Қытай сатып алып жатыр дегенді білдіре ме? Қытай инвестициясының артуынан қазақ компанияларына қалай әсер ететінін зерттеп көрейік. 

2017 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда қытайдың капиталының қатысуымен 2783 кәсіпорын тіркелген. 2005-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына тікелей тартылған Қытай инвестициясы 13,9 млрд долларға жетті. 2015 жылдан бері екі ел көлік инфрақұрылымы, сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өзге де салаларда кластерлі аймақтар құру туралы 5 келісім жасасқан.

Дегенмен, арадағы сауда көлемі азайған. 2016 жылдың 11 айында өзара сауда айналымы 7,1 млрд долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 27 пайызға аз. Қытайдан келетін азық-түлік емес тауарлар импорты 59 пайыз азайып, 12,7 млн долларды құрады.

Оның себебі Қытай енді өз өнімдерін Қазақстанның ішінде шығара бастады. Енді оны “қытайдікі” деп емес, отандық өнім деп тұтынып жүрміз. Онда жұмыс істейтін адамдар да қазақстандықтар. Ал шығатын тауарлар бірден екі елдің сапа стандарттары бойынша дайындалады.

Қазақ-Қытай қатынасындағы ең үлкен оқиғаның бірі қазақстандық Allur Group автокөлік компаниясының 51 пайыз акциясының қытайға сатылуы.

Жеке бизнес болғанымен, ол компания мемлекеттік холдингтер қаржысынан несиелендіріледі. Соған қарамастан, акцияларының шешуші пакетін сатып жіберген. Дей тұрғанмен, осының арқасында елге ауқымды қаржы құйылғаны анық.

Қазақстанның компаниясы Қытай үшін бұйым емес, соңғы бірнеше жылда Қытай әлем елдерінің ең ірі деген гиганттарын, соның ішінде Geely секілді автокөлік корпорацияларын да сатып алып жатыр.

0 пікір
Мұрағат