Қымбат онкологиялық дәрі-дәрмек науқастарға тегін берілетін болды
Қымбат онкологиялық дәрі-дәрмек науқастарға тегін берілетін болды
5 жыл бұрын 2004

Тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысы өтті. Отырыста тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі қарастырылып, бекітілді. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Ведомствоның Facebook-тегі парақшасындағы деректерге сәйкес, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін енгізу туралы шешім қабылданды. 

"Бұл норма пациенттерге аталған препаратты емдеу курсына байланысты дәрігердің тағайындауымен дәріханалардан алуына мүмкіндік береді", – делінген ведомство хабарламасында. 

Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдарға қажет жылдық көлемін сатып алды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған.

0 пікір
Мұрағат