ҚР ОСК: Қазақстан халқының 75,16%-ы өз таңдауын жасады
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16%-ы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл біздің елде бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу екенін атап өту қажет. Бұл ретте дауыс беру әлі де жалғасуда. Өңірлер бойынша келу келесідей: Алматы облысы бойынша – 92,67 % Ақмола облысы бойынша – 78,68 % Ақтөбе облысы бойынша - 78,28 % Атырау облысы бойынша – 82,91 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 70,03 % Жамбыл облысы бойынша – 79,97 % Қарағанды облысы бойынша – 76,74 % Қостанай облысы бойынша – 82,57 % Қызылорда облысы бойынша – 79,84 % Маңғыстау облысы бойынша – 73,12 % Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 83,4 % Павлодар облысы бойынша – 70,55 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,09 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 80,52 % Астана қаласы бойынша – 73,78 % Алматы қаласы бойынша – 32,23 %.