ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған шақалаққа не береді
|
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа туылған ҚР азаматына не берілуі тиіс екені айтылды. Бұл туралы Қазақпаратқасілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Қордың баспасөз қызметі айтып өткендей, "Медициналық дәрі қорабына" су термометрі, медициналық термометр, зарарсыздандырылған таңғыш, мұрын жолдарына арналған сұйықтықтан тазалайтын құрал, балаларға арналған крем, балаларға арналған сабын, қолға арналған антисептик және регидратациялық тұздар, зарарсыздандырылған шөп кіреді.
Қолдан және аралас жолмен қоректенетін балаларға бір жасқа дейін тегін емшек сүтін алмастырғыш мына жағдайларда беріледі:
— Егер емізетін анада ВИЧ инфекциясы, туберкулездың белсенді түрі анықталса;
— Егер ана цитостатиктерді, радиактивті, тиреоидты, психотропты, есірткілік препараттарды қабылдаса;
— Егер емізетін ананың қан жүйесінде және қантүзу аппараттарында ауыр дерттердің, онкологиялық аурулардың түрі болса, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына байланысты бүйректің ауыр дерттерімен ауырса, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактиканың алғашқы формалары болса;
— Психологиялық аурулары болса (психоз және босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары болған жағдайда, жүрек дерттеріне шалдықса, эндокринді аурулардың ауыр дерттері кездессе, аллергиялық аурулардың күрделі түрлері кездессе;
— Егер балада туа біткен лактазды жетіспеушілік, галактоземия, фенилкетонурия, "үйеңкі шәрбаты" ауруы болса;
"Қоспа асыранды нәрестелерге, көпұрықтық жүктіліктен туылған балаларға, аналары стационалық емде жатқан балаларға, күндізгі бөлімде оқитын студент-аналардың балаларына беріледі", — деп толықтырды ӘМСҚ.