|
Қостанайда ауа сатыла бастады
|
Қостанай қаласының теміржол бекетіндегі дүңгіршектердің бірінде ішіне ауа толтырылған, «Қостанай ауасы» деп белгі соғылған конверві банкілері сатыла бастады. Өзгеше тауардың бағасы – 450 теңге. Жарамды мерзімі – 100 жыл. Бұл жайында «Астана» телеарнасы хабар таратты. Банкідегі жазудан белгілі болғандай, өнімнің құрамында Орталық саябақтың 35 пайыз ауасы, Қарағай тоғайының 30 пайыз ауасы және Жағалаудың 35 пайыз ауасы кездеседі. Тауарды шығарушылар турасында ақпарат жазылмаған. Осынау өзгеше тауардың көптеп сатылып жатқаны да, оны адамдар кәдесый ретінде немесе ескерткішке сатып алып жатқаны айтылған хабарда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді