Қос азаматтыққа қатысты жуапкершілік күшейтілді
|
Қазақстан азаматының өзге елдің азаматы екендігі анықталса, мұндай тұлға ҚР азаматтығынан бес жылға айырылады.
Жаңа әкімшілік кодексте Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғанғандарға жауапкершілік күшейтілген. Ондай тұлғаға 100-ден 300-ге дейін бір айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Қазақстан Республикасының азаматының өзге мемлекеттің азаматтығын алғандығы анықталса оған 200 бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл мөлшер бүгінгі таңда 370 400 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңының 3-ші бабы және Қазақстан Республикасының Конституциясының 10-шы бабының 3-ші тармағы бойынша ҚР азаматы өзге елдің азаматтығын алған жағдайда оның бұл қадамы мойындалмайды. Аталмыш заңның 21-ші және 30-шы баптарының негізінде ҚР азаматтығынан айырылады. Бұған қоса, ҚР Әкімшілік кодексінің 380-2 бабы бойынша аталмыш заңды бұзған адамға 50 бір айлық есептік көрсеткіштен (92 560 теңге) 200 бір айлық есептік көрсеткішке (370 400 теңге) дейін айыппұл салынады немесе елден қуылады. Аталмыш заңның 17-ші бабының 11-ші тармағы бойынша ондай тұлға бес жылға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмайды.