Қолма-қол шетел валютасына айырбастау талаптары өзгертілді
Қолма-қол шетел валютасына айырбастау талаптары өзгертілді
8 жыл бұрын 2546

1 млн теңгеден астам қаржыны басқа валютаға айырбастағанда азамат жеке куәлігін көрсетуге міндетте «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілгенінің нәтижесі.  Айырбастау пунктерінің кассаны толтыру үшін басқа банктермен келісімге отыруы және теңге бағамын демалыс әрі мереке күндері де өзгертуге мүмкіндік алуы осында айтылған.  Осы орайда айта кетері, дәл қазір доллар бағамы қымбаттайды деуге негіз жоқ. Себебі мұнайдың құны тұрақты. Бүгін Сенатта бюджет заңнамасы қаралған отырыста Ұлттық банкі өкілі Алпысбай Ахметов осылай деді.  Ұлттық банк теңге бағамының төмендеп не жоғарылуына ықпалын тигізбегенімен, интервенцияға қатысу үлесі – 20 пайыз.  Интервенцияға жұмсалатын қаржы Ұлттық банктің алтын валюталық қорынан алынып отыр. Алпысбай Ахметов, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары -Қазір Ұлттық банк валюта нарығына қатысу үлесін барынша азайтты. Ол 20 пайыздан аспайды. Ұлттық банк тек айтарлықтай ауытқу немесе спекуляцияның болмауы үшін ғана интервенцияға қатысады. Ал валюта бағамын өсіріп, төмендетуге араласпаймыз.

 

0 пікір
Мұрағат