«UNITEA» шәй өнімдері сертификатталды
«UNITEA» шәй өнімдері сертификатталды
2 жыл бұрын 1182 halaldamu.kz

Қарағанды облысындағы «Хасенов Е.Ш» кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдері сертификатын жаңартты. Арнайы сертификатты Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстады.  

1995 жылы өз тарихын бастаған "UNITEA" шәй өнімдері де түйіршіктелген және жапырақты, жоғары сапалы шәй өнімдерін Кения мен Үндістаннан тасымалдайды. Қанық түсті, ерекше дәмді "UNITEA" шәйлары Қазақстан ғана емес Ресей нарығында айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорынның шәй коллекциясының ішіндегі ең үздігі "Ақман" шәйі. 2015 жылы көпшілікке ұсынылған "Ақман" шәйі отандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды. "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнының 19 түрлі сауда белгісімен шығарылатын шәй өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат