«УАҚЫП» ҚОРЫ: 13 КӘСІПОРЫН УАҚЫПНАМА СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
«УАҚЫП» ҚОРЫ: 13 КӘСІПОРЫН УАҚЫПНАМА СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
15 сағат бұрын 111 muftiyat.kz ҚМДБ «Уақып» қоры

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры 13 кәсіпорынға уақыпнама сертификатын табыстады.

Атап айтатын болсақ: Астана қаласы бойынша «BAUYRDAQ» ұлттық тағамдар кафесіның төрт бірдей нүктесі және «NAZAR PARFUM» дүкені уақыпнама сертификатын алды.

Алматы қаласы бойынша «SPACE ENGLISH» ағылшын тілін үйрету орталығы, «QAZAQ SHAPANY» ұлттық киім орталығы, «ТОЙЫП ALL» желілік дәмханасының екі нүктесі және «STUDY LINE» арнайы дайындық курсы, оған қоса Бостандық ауданына қарасты «Байкен» мешіті аумағынан тұрғызылған «BASMA» кофеханасы «Уақып» қорының атынан алғашқы желілік кофехана ретінде ашылды.

Шымкент қаласы бойынша «ОЛЖА» супермаркеті мен «SABR AUTO» көлік мектебі арнайы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының уақыпнама сертификатын алды.

Айта кетейік, өндіруші және түрлі бағыттағы белгілі бір жеке кәсіпкер (әр түрлі бағыттағы) өз кәсібінен түскен 100 % пайдадан қалағанынша 99 %-1 % арасында әр ай сайын «Уақып» қорына қаржылай үлес (садақа) қосып отырады немесе белгілі бір бағаны (сумманы) белгілесе де болады. Қаражат тікелей «Уақып» қорына түседі және ары қарай қордың көптеген діни жобаларын жүзеге асыруға, соның бірі  Хусамиддин Ас-Сығанақи атындағы Ислам инстиутын қамтамсыз етуге, ұстаздар айлығына, Құран жаттап жатқан шәкірттердің шәкіртақысына жұмсалады.

«Уақып» қоры кәсіпкерге «Уақыпнама» сертификатын беріп, оны видеоға түсіру арқылы оның кәсібінен түскен табыстың бір бөлігі Исламның өркендеуіне жұмсалатыны айтылып, жамағатты сол кәсіпорынның өнімдерін қолдануға шақырып және «Уақып» сайты мен әлеуметтік парақшаларына жарнамаланады.

0 пікір
Мұрағат