«Turkistan et kombinaty» мен мешіт асханалары сертификатталды
«Turkistan et kombinaty» мен мешіт асханалары сертификатталды
3 жыл бұрын 1163 halaldamu.kz
«Turkistan et kombinaty» сертификатталды 

Ет және ет өнімдерінің импорт,  экспортымен айналысатын отандық «Turkıstan Et Kombınaty» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Діни басқармаға арнайы келген қасапхана өкіліне «Халал Даму»  директоры «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Кәсіпорынның негізігі бағыттары — бидай өсіру және өңдеу,  мал азығын өндіру,  ет және ет өнімдерін дайындау. Өндіріс аумағы толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, дайын ет өнімдерінің сапасы мен тазалығын бақылауға арналған арнайы зертхана да бар. Қасапхана жылына 1500 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Дайын өнімдер Катар секілді бірқатар шет елдерге тасымалданады. Ет комбинатының «Koktedı» қасапханасы «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» халал стандартына сай деп танылды. Кәсіпорынға берілген «QMDB Halal» сертификаты 09.03.2022-08.03.2023 ж мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.  

БҚО: Мешіт асханалары сертификатталды 

Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық және Бәйтерек аудандық мешіт асханалары мен «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков табыстады.

Аталған тамақтану орындары «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Адалдың белгісі «халал» таңбасын ең алдымен еліміздегі мешіт асханалары иеленуі тиіс. Өзгенің емес, алдымен өзіміздің халыққа ұсынатын асымыз бен қызметіміздің халал стандарты талаптарына сәйкестендірген жағдайда ғана өзгеден адалдықты талап ете аламыз. Мешіт асханаларында «қонақ асы» беретін халыққа астың адалдығына асқан ұқыптылықпен қарауға бағыт-бағдар беруіміз тиіс»,- деген Бақытжан Құралбайұлы облыстағы барлық ірілі-ұсақты мешіт асханаларын түгелдей дерлік халал стандарты талаптарына сәйкестендіру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат