ТҮРКІСТАН: 5 мыңнан астам адам құлшылық ететін ерекше мешіт салынуда
ТҮРКІСТАН: 5 мыңнан астам адам құлшылық ететін ерекше мешіт салынуда
5 жыл бұрын 2799

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.

Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың шаршы метрді алатын жаңа ғибадат орнында 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған.

Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады. 

0 пікір
Мұрағат