ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)
5 жыл бұрын 2846 muftyat.kz

Талдықорған қаласы Еңбек ауылында "Талдықорған" жеке қайырымдылық мекемесіне қарасты қарилар даярлау орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті.

Ашылу салтанатына ҚМДБ бөлім басшылары Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, Сағитжан Дәулетияр, Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай, наиб имамы Ерсін Әміреұлы, ҚМДБ Талдықорған бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, аудан имамдары, облыстық дін істері басқармасы өкілдері, облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағитжан батасын жасады. Сөз тізгінін алған ҚМДБ-ның қайырымдылық және уахып қоры меңгерушісі Камалжан Тұрдыбайұлы бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің ыстық лебізімен сәлемін жеткізді. Еліміздегі Құран жаттаған қари-хафиздердің көп болуын тіледі. Арнайы қонақ ретінде келген Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Шоқай жаңадан ашылған орталыққа сый-сияпатын жасады. Аталмыш орталықтың директоры болып Мадияр қари Қайратбекұлы тағайындалды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасы болған бұл тарихи оқиғаға куә болған көпшілік ғимараттың қызыл лентасын қиып, ортлақтың түлектері тәуелсіздігіміздің туын биікке көтеріп, түлей беруін тіледі.

 

0 пікір
Мұрағат