Талдықорған: Халал сертификаты берілді
Талдықорған: Халал сертификаты берілді
5 жыл бұрын 2414 muftyat.kz Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі

Талдықорған өңірінде халал стандарты сертификатты тағы да бір кәсіпорын иеленіп, адал өнім шығаратын нысандар қатарын толықтырды. Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы «Кривита» жеке кәсіпкеріне арнайы сертификатты табыс етті.

Қасиетті Құранда аты аталған бөдене еті мен жұмыртқасына қазіргі уақытта Батыс елдерінде сұранысы өте жоғары. Осыған орай Талдықорғандағы «Кривита» жеке кәсіпкері бөдене шаруашылығын дамытуға кірісті. Мекеме басшысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арнайы курсын бітіріп, мемлекет көмегін пайдалана отырып осы кәсіпті ашқан.

Қазіргі таңда жұртшылықтың адал өнімге сұранысы артып келеді. Осыны ескерген «Кривита» жеке кәсіпкері бөдене жұмыртқасы мен етін халал стандартына сай өндіріп қана қоймай, бөденеге берілетін жемнің де адал болуына мән беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат